Kazakh History Тывшгав

0.0(0)
Studied by 0 people
call kaiCall Kai
Locked
learnLearn
examPractice Test
spaced repetitionSpaced Repetition
heart puzzleMatch
flashcardsFlashcards
GameKnowt Play
Card Sorting

1/246

encourage image

There's no tags or description

Looks like no tags are added yet.

Last updated 7:17 AM on 7/13/26
Name
Mastery
Learn
Test
Matching
Spaced
Call with Kai
Chat

No analytics yet

Send a link to your students to track their progress

247 Terms

1
New cards

Тас дәуірі неше түрге бөлінеді?

Палеолит(б.з.б 2,6млн жыл-б.з.б 12 мың жыл аралығы)

Мезолит(б.з.б 12-б.з.б 5 мың жыл аралығы)

Неолит(б.з.б 5-б.з.б 3мың жыл аралығы)

2
New cards

Палеолиттің өзі неше бөлінеді ?

Ерте палеолит(б.з.б 2,6 млн жыл-б.з.б 40 мың жыл)

Кейінгі палеолит(б.з.б 40 мың жыл-б.з.б 12 мың жыл аралығы)

3
New cards

Ерте палеолит өзі неше бөлінеді?

Олдувэй(б.з.б 2,6 млн жыл-б.з.б 800 мың жыл)

Ашель(б.з.б 800 мың-б.з.б 140 мың жыл аралығы)

Мустье(б.з.б 140 мың жыл-б.з.б 40 мың жыл)

4
New cards

Палеолит немесе ежелгі тас дәуірі кезеңіндегі ерекшеліктер

1.Өте ұзаққа шамамен 3 миллиондай жылға созылған.

2.Адам пайда болып,қалыптасты.

3.Адамзат Африка жерінде пайда болып,жер бетіне біртіндеп тарады

4.Тас құралдар жасау ұдайы жетілдіріле түсті,сапасы жақсарды.

5
New cards

Адамдардың дамуы бойынша жіктелуі және олардың пайда болған жылдары және қай жерде табылғанын жаз

1.Епті адам 1 млн 750 мың жыл бұрын-Танзаниядағы(Шығыс Африка)Олдувэй шатқалында табылған

2.Питекантроп 1 млн жыл бұрын-1891 жылы Ява аралы

3.Синантроп 500-200 мың жыл бұрын-Солтүстік Қытай

4.Неандерталь 200-35 мың жыл бұрын-Германиядағы Неандерталь деген жерде және Өзбекстанның тесіктас үңгірі.

5.Саналы адам 40-30 мың жыл бұрын-Франциядағы Кроманьон үңгірінде табылған

6
New cards

Тік жүретін адам өкілдерін ретінде кімдерді атаймыз?

Питекантроп пен Синантроп

7
New cards

Қазақстан жерінде адамдар қашан пайда болды?

Қазақстан жерінде адамдар бұдан 1 млн жыл бұрын пайда болды

8
New cards

Қазақстан жерінде табылған адамдар кімдердің замандастары?

Питекантроптардың замандастары

9
New cards

Қазақстан жерінен табылған,1 млн жыл бұрын жасалған құралдар

Тас кескіш,қырғыш,тескіштер

10
New cards

Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың еңбекқұралдары қай жерде табылған?

Жамбыл облысы.Арыстанды өзенінің бойында

Қазақстанның Оңтүстігіндегі Қаратаудан

Маңғыстаудағы Шақпақата

және одан басқа Қазақстанның Оңтүстігіндегі Шабақты,Қазанғап,Тәңірқазған т.б қоныстардан табылған.

11
New cards

Алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы қалай аталды және оның ерекшеліктері?

Тобыр деп аталды,ерекшеліктері:Алғашқы адамдар бірлесіп,тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтасып жүрді.20-30 ересек адамнан тұрды,бірақ тұрақсыз болды.

12
New cards

Алғашқы еңбек құралдары қандай болды?

Қазғыш таяқ,Үшкір тас,шоқпар,шапқы

13
New cards

Ең көне тас құралдар қайда пайда болды?Олар қалай аталды?Олар не үшін қолданылды?

Олар Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан табылды.Олар чоппер,чоппинг деп аталды.Чоппер аң еті мен ағаш кесу үшін пайдаланған.

14
New cards

Адамдардың ең алғашқы баспанасы-

Үңгірлер

15
New cards

Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі-

терімшілік

16
New cards

Терімшіліктен кейін кәсібі-

Аң аулау

17
New cards

Алғашқы адамдардың аулаған аңдары-

мамонт және бизон

18
New cards

Монофас дегеніміз-

бір жағынан соққылау арқылы сындырып,қыр шығарған тас құрал

19
New cards

Бифас дегеніміз-

екі жағынан да өнделген қарапайым шапқыш тас құрал.

20
New cards

Ашель заманында қандай құралдар пайда болды?

Қол шапқы және жарғыш

21
New cards

Қол шапқы дегеніміз не?

Қол шапқы-көлемі 35 смге жететін,екі жақтан ұсақтап жарып жасалған құрал.

22
New cards

Ежелгі адамдар үшкір сүйектен не жасаған?

Ине мен біз жасады.

23
New cards

Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыннан аса еңбек құралдарының бірі-

қашау мен үшкір заттар

24
New cards

Алғашқы адамдардың маймылдардан айырмашылығы неде?

Еңбек құралдарын жасай білуі

25
New cards

Тас құралдардың жүзге жуық жаңа түрлері пайда болды.Ең көп кездесетіні?

Үшкір тастар мен қырғыштар

26
New cards

Үшкір тастардың ұшын қай әдіспен өткірлеген?Ол әдіс нені білдіреді?

ретушь әдісімен,Ретушь әдісі дегеніміз-бір қабат өнделген тас құралдың жүзін ұсақ ойықтар жасау арқылы өткірлеу.

27
New cards

Мустье кезеніндегі адамдар Қазақстанның қай облыстарын игере бастаған?

Орталық және Шығыс аймақтарын игере бастаған

28
New cards

Осы аймақтардан қандай қоныстар табылды?

Обалысай,Мұзбел,Қанай

29
New cards

қанай қонысынан табылған тас құралдарының пайдаланылған уақыты?

140-132 мың жыл бұрын екені анықталды.

30
New cards

Мустье кезеңінің тұрақтарының ішінде ең күрделісі?

Оңтүстік Қазақстаннан табылған Ш.Уалиханов атындағы тұрақ,күрделі,себебі ежелгі адамдар ол жақта бірнеше рет қоныстанған.

31
New cards

Мұз басу дәуірі қаншама жыл бұрын болды?

Бұдан 100 мың жыл бұрын

32
New cards

Мұздықтар қаншама жыл бұрын ери бастады?

13000 мың жыл бұрын

33
New cards

Суықтан қорғану үшін адамдар не істеді?

Баспана жасады,жылы киімдер тіге бастады.Инені үшкір сүйектерден жасады,ал жіптің орнына жануарлардың сіңірлерін пайдаланды.

34
New cards

Адамдар Ерте палеозой кезеңінінің қай кезеңінде от жағуды үйренді?

Мустье кезенінде

35
New cards

Ашель кезеңінде табылған тұрақтардың облыстар бойынша орналасуы

Оңтүстік Қазақстан:Бөріқазған,Тәңірқазған

Орталық Қазақстан:Құдайкөл,Жаман Айбат,Обалысай

Шығыс Қазақстан:Қозыбай

36
New cards

Мустье кезеңіндегі табылған тұрақтар қай жерде орналасқан?

Қаратау өңірі:Ш.Уалиханов атындағы тұрақ,Қызылрысбек

Батыс Қазақстан:Шақпақата

Орталық Қазақстан:Ағадыр

37
New cards

Кейінгі палеолиттің кезеңінде табылған тұрақтар қай жерде орналасқан?

Орталық Қазақстан:Семізбұғы,Батпақ,Қарабас

Шығыс Қазақстан:Бұқтырма,Шүлбі

Оңтүстік Қазақстан:Ащысай

Жетісу:Майбұлақ

38
New cards

Кейінгі палеолиттің ең көрнекті ескерткіштерінің бірі-

Батпақ

39
New cards

Батпақ атты тұрақтың жас мөлшері-

б.з.б 30-25 мыңыншы жыл

40
New cards

Батпақ атты тұрақтан неше тас құралдар шықты?

300-ге таяу тас құралдар шықты

41
New cards

Кейінгі палеолиттің құралдарына нені жатқызамыз?

Дротик,Гарпун,Болос

42
New cards

Қыстырма әдісі нені білдіреді?

Ағаштарға тасты тақау арқылы құралдарды жасау,желім ретінде қарағайдың шайыры және тау балауызы қолданылған

43
New cards

Ежелгі адамдардың қоғамдық құрылысын рет ретімен жаз

Тобыр→Ру→Тайпа→Тайпа одақтары→Мемлекет

44
New cards

Орта Тас дәуірінде (Мезолитте) қандай ерекшеліктер болды?

Мұз ери бастады,жылыну басталды.Орманды алқаптар пайда болды,Табиғат пен өсімдіктің дүниесінің өзгеруіне байланысты жануарлардың да дүниесі өзгерді

45
New cards

Мезолитте адамдардың негізгі кәсібі не болды?Ол кезде қандай ерекше құрал болды аң аулау үшін?

Аншылық,садақ болды.

46
New cards

Мезолиттің жаңалықтары

Микролиттер және садақ пен жебенің шығуы,мал шаруашылығының пайда болуы,егіншіліктің пайда болуы(терімшіліктен келіп шықты)

47
New cards

микролиттер дегеніміз не?

Ұзындығы 1-2 см ұсақ тастардан жасалған құралдар

48
New cards

Ең алғаш қолға үйретілген жануар-

ит

49
New cards

Сақ сөзінің мағынасы әртүрлі жазбалар бойынша

Парсы:Құдіретті еркектер

Иран:жүйрік атты турлар

Грек авторлары:Азиялық скифтер

50
New cards

Сақтар туралы алғашқы мәліметтер

1.Парсы мемлекетінің сына жазбаларында

2.Грек-Рим авторларының шығармалары

3.Бехистун жазбасында”Мен әскеріммен сақ жеріне шықтым” деген Дарийдің сөздері жазылған

4.Грек тарихшылардың айтуы бойынша,сақтар “дұшпанға-қатал,досқа-адал“

51
New cards

Парсы деректері бойынша сақтардың түрлері және олардың қоныстануы

1.Сақ-тиграхауда-”шошақ бөрікті сақтар”,мекен еткен аймағы:Жетісу,Тянь-Шань тауларында,Сырдария өзенінің орта ағысында

2.Сақ парадарайа-теңіздің арғы жағындағы сақтар.Мекен еткен аймағы:Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысы

3.Сақ хаумаварга-Хаома сусынын дайындайтын сақтар.Мекен еткен аймағы:Мургаб аңғарында өмір сүрді

52
New cards

Аримаспыларды ежелгі деректерде қалай жазған?

“Алтын қорушы қырандар” деп әсірелеп жазған.

53
New cards

Сақтардың қоғамдық құрылысы

1.Жауынгерлер-үнді-иран тілінде ратаиштар(арбада тұрғандар) деп атаған

2.Абыздар-Тостаған мен айрықша бас киіммен ерекшеленді.Киімінің түсі ақ.

3.Малшылар-”сегізаяқтылар”деп атаған.

54
New cards

Геродот деген кім және сақтар туралы ой пікірі және айтқан сөздері

Геродот-б.з.б 484-425 жылдары өмір сүрген.Цицерон оны “тарихтың атасы” деп атаған.

Сақтар туралы ой пікірі және айтқан сөздері:1.Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.Егін екпейді,өзеннен аулайтын балықты азық етеді.Сүт ішеді.2.Сақтарды массагет деп атаған.3.Құдайлардың арасынан күнге табынады,оған жылқыны құрбандыққа шалады.(Осылай тағы Страбон айтқан)

55
New cards

Страбон деген кім және сақтар туралы ой пікірі және айтқан сөздері

Страбон-ежелгі грек тарихшысы және географы.б.з.б 64-б.з 24 жылдары өмір сүрген.”Географияның авторы”

Сақтар туралы ойы:1.”олардың бәрі ақкөңіл және уәдеге берік”.2.”Садақпен,қылышпен және қола балталарымен қаруланған және сауыт киген.”.3.”Күміс олардың елінде болмайды,бірақ мыс пен алтын көп кездеседі.”.4.”Скифтерді каспий теңізінен бастап дайлар деп атайды.”

56
New cards

Грек авторлары Ксенофонт пен Ктесий сақтар туралы не жазған:

Ксенофонт:1.Ат жарысында сақ жігітінің мәреге бірінші келген.2.Парсы сарайында сақтардың тәрбиелігі туралы жазған

Ктесий:Сақ әйелдері ержүрек келеді.Соғыс болған кезде көмектеседі.

57
New cards

Сақтардың шаруашылығы

1.Мал шаруашылығы

2.Егіншілік

3.Қолөнер-Алматы маңынан “Жетісу михрабы“ деп аталатын құрбандық табағы табылған.

58
New cards

Б.з.б 530 жылы болған соғыс кімдер арасында және ол кезде болған оқиға

Кир және Томирис арасында,Кир өз елшісін жібереді.Бірақ Томирис “әйел болса да,жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” деп жазған Помпей Трог.Кир сақтарға шабуылға шығып,сосын қашады.Артынан қуған патшайымның баласы Спаргапсис қақпанға түсіп,қайтыс болады.Осыны естіп,Томирис Кирге аттанады және оны женеді.

59
New cards

Б.з.Б 519 жылы қандай соғыс болды және ол соғысты болған оқиға:

Скунха мен Дарий арасында соғыс.Бехистун жазбасында жорыққа шыққан туралы жазады.Скунха жеңіліп,Парсы елі Сырдариядан өтеді.Ең маңызды оқиғаны Полиэн осылай айтқан:”Шырақ есімді сақ өз денесін пышақпен жаралап,Парсы алдап,шөлге апарып адастырады,сақтар оған қарсы шықты деп алдаған,нәтижесінде Дарийдің көптеген әскері қырылды және ол Персияға қайтуға мәжбүр болды.”.Алайда сақтардың кейбір желдері ұзақ жылдары бойы Парсылардың қол астында болған еді және сақтар оларға алым-салық төлеп оларға соғысты көмектесті,мысалы:Марафон шайқасы б.з.б 490 жылы Парсы мен Сақ Гректерге қарсы шығады.

60
New cards

б.з.б IV ғасырдың 30 жылдарында кімдер арасында соғыс болады?Соғыста болған оқиға

Македонский мен Спитамен арасында соғыс болады.А.Македонский Орта Азияға басып кіріп,Сырдарияға аттанды.Спитамен 3 жыл бойы соғыс жүргізді.А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп,сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазған-Арриан.Шабуылдың нәтижесінде гректер қырғынға ұшырай жаздады.Сақтар грек горнизонын Маракананы(Самарқанды)қоршауға алды.Нәтижесі:Гректер жеңіледі,оларды садактармен атып тастайды.Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.

61
New cards

Сарматтардың мекен еткен аймақтары

Қазақстанның Батысын және Оңтүстік Орал алқабын мекендеді.

62
New cards

Сармат деген атау қай ғасырдан бастап кездесе бастады,ал сарматтарды қай ғасырларда савроматтар деп атаған?

б.з.б III ғасырдан бастап кездесе бастады,савроматтар деп оларды б.з.б VIII ғ. атай бастады

63
New cards

Сарматтар еліміздің батыс аумағын қай ғасырларда мекен еткен?

б.з.б VIIIғ. - б.з Vғ.

64
New cards

Қай ғасырда Сарматтар Батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулай бастады?Қай жерлерді жаулап қай жерге дейін жетті?

б.з.б II ғ. олар Батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулай бастады,Қара Теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті.Қара теңізде Сармат билігі орнады.

65
New cards

Қай ғасырда Сарматтар ғұндарға жеңіледі?Жеңілудің нәтижесінде олар қай жаққа қоныс аударған?

б.з. IV ғасырда жеңіліп,Батысқа қоныс аударған.

66
New cards

Сарматтардың халқының саны осы ғасырлар бойынша:(1.б.з.б III-II,2.II-I,3.б.з.б I-б.з I )

III-II:20 мың

II-I:10 мың

I-I:5-7 мың

67
New cards

Сарматтардың санының азаюының себебі?

Қуаншылық

68
New cards

Сарматтардың құрамына қандай тайпалар кірген?

роксолан,сирак,алан тайпалары енген.

69
New cards

Сарматтардың роксолан тайпасы қандай ғасырда Мидия шекарасына дейін жетеді?

б.з.б I ғасырда

70
New cards

Алан тайпалары қай жақта мекендеген және ол қай ғасырларда күшейе түсті?

Арал теңізінің Солтүстік Жағында,олар б.з алғашқы ғасырларында күшейе түсті.

71
New cards

Сарматтар ғұндарға тойтарыс берген соң кімдерге қосылған?

Бір бөлігі готтарға бір бөлігі ғұндарға қосылды.

72
New cards

Сарматтардың қоғамында жоғары сатыда және төменгі сатыда тұратын адамдар?

Жоғарғы:Тайпа көсемі,абыздар,шонжарлар,салт атты жауынгерлер

Төменгі:малшылар,қызметшілер,құлдар

73
New cards

Сарматтардың әскери демократиясы немен ерекшеленеді?Сарматтарда әлеуметтік теңсіздік болды ма?

Оларда әскери демократия әйелдерге де қатысты болды,әлеуметтік теңсіздік болды

74
New cards

Сарматтардың шаруашылығы

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.Еділ,Жайық,Дон өзендерінің маңын мекендеген сарматтардың көп бөлігінің шаруашылығында малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алды.

75
New cards

Сармат жерінде табылған археологиялық ескерткіштер

Бесоба қорымы(2 әйел жерленген),Сынтас қорымы(3 жауынгер жерленген),Аралтөбе(әшекей бұйымдар,қару жарақтар табылған),Бәйте,Терең ескерткіштері(аруақтарға арнап ас беретін жер),Бат.Қаз. Облысы Шыңғырлар ауданы,Лебедевка аулының маңынан табылған жерлеу(әйел адам жерленген,алтын жапсырмалармен әшекейленген көйлекпен жерленген)

76
New cards

Ғұндар кезеңі қай ғасырларды қамтыды?

б.з.б III - б.з IV ғасыр

77
New cards

Ғұндар туралы қытай деректері,бастапқы кездегі мекендеген жерлері және Мөде туралы ақпарат

ғұн атауы б.з.б III ғасырда пайда болған.Бастапқы кезде олардың мекен еткен жерлері:Солтүстік Қытайда,Моңғолияда,Байкал өңірінде қоныстанған.Мөде туралы ақпарат:Өз әкесімен билік үшін күрескен Мөде оның жеңеді.Осыны көрген дунху тайпасы өз елшілерін жібереді(ең жақсы атынды бер деген бұйрықпен),Мөде атын береді.2ші рет жібереді елшілерін(ең әдемі әйелді бер деген бұйрықпен),Мөде береді.3ші рет Ғұндар мен Дунху арасындағы қолайсыз шекараларды сұраған кезде,Мөде оларға соғыс ашып,талқандайды.Бұл оқиға б.з.б Л.Н.Гумилевтің айтуы бойынша 209 жылы орын алған

78
New cards

Б.з.б 203-202 жылдары Мөде қай жерлерді бағындырды?Мөде билікте болған кездегі халық саны?

Саян,Алтай және жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырды,халық саны-300 мың.

79
New cards

Ғұндарды қай жылы Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Банды жеңіп,өздеріне бағынышты етті.

б.з.б 188 жылы,нәтижесінде Қытай императоры жыл сайын ғұндарға жібек маталар жіберіп ,салықты төлеп отыруға және Мөде шаньюйге қытай ханшасын әйелдікке беруге мәжбүр болған.

80
New cards

Мөде қандай тайпаларды бағындырды?Мөде неше ұлысты бағындырды?қай жылы қайтыс болды?

Дунху,юечжи,гянгунь(қырғыз),үйсін,қаңлы сияқты көрші тайпаларды бағындырды.36 ға жуық ұлыстарды бағындырды.б.з.б 174 жылы қайтыс болды.

81
New cards

Ғұндар әскери жүйе бойынша қалай бөлінген?,Ғұндардағы билік басшысыың лауазымы,ғұндар неше руға бөлінген?Руларды кім басқарған?Лауазым қалай берілетін?Ғұндардың құқық қорғау жүйесі қандай болған?

1.Оң қанат,сол қанат,орталық қанат.2.Шаньюй н/е “тәңірқұт“,24 руға бөлінген.3.Руларды түменбасы басқарған.1 түменбасыда 10000 әскер.4.Лауазым ұрпақтан ұрпаққа берілген.5.Ауыр қылмыс болса өлім жазасына кесіледі,ал егер ауыр емес қылмыс болса айыптының бетін тіледі.

82
New cards

Мөденің мұрагері кім?Ол билікте болған кезде Ғұндардың өзгерісі.Ғұн мемлекеті саяси жағынан қай ғасырларда күшейді?

1.Мөденің мұрагері-Лаушан.2.Ол билікте болған кезде ғұндар күшейді.3.б.з.б II - I ғасырларда ғұндар саяси жағынан күшейді.

83
New cards

Цинь патшалығы өз территориясын қорғау үшін не істеді?

б.з.б III ғ. аяғы Ұлы Қытай қорғанын салды.Қорған 5000 шақырымға созылып,биіктігі 10 метр.

84
New cards

Ғұндар қай ғасырда әлсірей түсті?Оған не себеп болды?

Б.з.б I ғасыр орта шенінде толассыз соғыспен тақ таласынан әлсірей түсті.

85
New cards

Ғұндар қай ғасырда екіге бөлінді және қандайларға?

б.з.б I ғасыр ортасында (55 жылы) ғұндар екіге бөлінеді:1.Хуханье бастаған Оңтүстік.2.Чжи-Чжи басшылық еткен солтүстік.Оңтүстік тәуелсіздігінен айырылып,хань әулетіне бағынды

86
New cards

Ғұндардың көшуінің әсерінен қандай оқиға орын алды?

“Халықтардың қоныс аударуы кезеңі“,көптеген елдер қоныс аударды

87
New cards

Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы неше уақытқа созылды?

б.з.б II ғ. басталып ,б.з IV ғасырына дейін созылды.

88
New cards

Ғұндар б.з.б I ғасырда батысқа кімнің басқаруымен жылжиды?

Чжи-Чжидің басқаруымен,Хуханьелер жылжымады себебі қытайға жақын болғысы келді,алЧжи-Чжилер керісінше Қытайға қарсы болды.Қытай мен Хуханьелер Чжи-Чжилерді жеңіп,Чжи-Чжилер батысқа жылжуға мәжбүр болды.

89
New cards

Чжи-Чжилер қай жерге қоныстанды?

Талас өзенінің шығыс жағына қоныстанды(қаңлылармен бейбіт келісімге келу арқылы)

90
New cards

Ғұндардың екінші көшу толқыны қай ғасырда басталды және қай жаққа?Кімді ығыстырады және қай жаққа дейін жетеді?

б.з I ғ. басталды,Арал бойына,Алан,ас тайпаларын ығыстырып,Дунайға дейін жетеді.Осылай ғұн деген атпен венгрияға қоныстанады.

91
New cards

Үйсіндердің өмір сүрген уақыты

б.з.б III ғ. және б.з V ғасыры

92
New cards

Үйсіндер туралы қытай деректерінде қалай жазған?

Олардың ғұндарға бағынғаны туралы жазған,бірақ олар күшейген соң қол астында болғанын қаламады.Б.з.б 138 жылы Қытайдың елшісі әрі саяхатшысы Чжан Цянь ғұндарға қарсы одақ құрұға келген кезде:”Қазір үйсінде күшті елге айналыпты” депті.Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрған.Халық саны 630000 мың,әскер саны 188800.

93
New cards

Үйсіндердің мекен еткен аумағы,олардың орталығы

Жетісу,Шу,Ыстықкөл өңірінде орналасқан.Орталығы-Іле аңғары

94
New cards

Үйсіндердің шекаралары:

Батысы Шудан Тянь Шаньға(Тәңірі) дейін,Шығысы Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейін аумақты алып жатқан.

95
New cards

Үйсіндердің ордасы және оның орналасуы

ордасы-Қызыл Аңғар(Чигу н/е Чигучен)

Орналасуы:Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан

96
New cards

Үйсіндердің басшысын кім деп атаған және оның атты әскерінің саны

Гуньмо(күнби деп атаған),оның атты әскерінің саны-30 мың.

97
New cards

Б.з.б 107 жылы жазба деректерінде Үйсіндер туралы не жазылған?

Гуньмо Қытай ханшайымына үйленген,бірақ қытай патшасы олардан бір нәрсе талап еткен.Сондықтан гуньмо оларға 1000 ат жіберді.

98
New cards

үйсін мемлекеті Қытаймен қай ғасырларда сауда қарым-қатынаста болған?

б.з.б II-I ғасырларда болған.

99
New cards

Үйсіндердің әлеуметтік жағдайы

Мүліктік және әлеуметтік теңсіздік.Барлық заттар жекешелендірілген.Мал да,жер де біреудің жекеменшігі болған.

100
New cards

Үйсіндердің негізгі кәсібі-,және олардың негізгі айналысқан кәсіптері

жартылай көшпелі шаруашылық,егіншілік,қолөнершілік,зергерлік бұйымдар жасау