ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер:
«Тарихы жоқ, тарихын жоғалтқан халық, құрып кетудің алдында болады» - деп жазған: Əлихан Бөкейхан.

  • ХХ ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалыстардың идеясына айналған: Панисламизм жəне пантүркизм.

    • Түркі халықтарын біріктіру идеясы: Пантүркизм.

    • Мұсылмандарды біріктіру идеясы: Панисламизм.

  • Ағартушылық пен діннің бірігуін білдіретін пантүркизмнен шыққан идея: Жəдитшілдік.

  • Жəдитшілдіктің негізін қалаушы: Исмаил Гаспринский (1851-1914).

  • 1883 жылы «тіл, идея, əрекет жағында да бірігу керек»,- деген: Ресейдегі мұсылмандар.

  • ХІХ ғасырда ресейлік мұсылмандар, ханафи мазхабын ұстанатын қырым татарлары, башқұрттар, қазақтар арасында өріс алған қоғамдық-саяси жəне зияткерлік қозғалыс: Жəдидизм.

  • 1905 жылы құрылған: Бүкілресейлік мұсылман одағы (Иттифак муслимин).

  • Бүкілресейлік мұсылман одағына мүшелікке кірген: Қазақ дінбасылары.

  • 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін пайда болған: Саяси партиялар.

    • Жəдидизм идеясы негізінде пайда болған саяси партиялар: «Ислам кеңесі» (Шура-ислами), «Діни қауым кеңесі» (Шура-улема).

  • Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуында маңызды рөл атқарған: ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасқан ұлт зиялылары.

  • 1905 жылғы орыс революциясынан кейін кадеттер партиясының құрамына өткен: Қазақ зиялыларының кейбірі.

    • 1917 жылы бұрын кадеттер партиясында болған қазақ зиялылар құрды: «Алаш» партиясын.

    • «Алаш» партиясын құруға қатысқан қазақтардың ақсүйек тобының өкілдері: Ә. Бөкейхан, Б. Қаратаев, Ж. Ақбаев.

    • Алаш партиясын құруға қатысқан қарапайым халық арасынан шыққандардың бірі: А. Байтұрсынұлы.

  • Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі: Петициялар (өтініш-талаптар) жолдау.

  • Петициялар уезд бастықтарына, əскери губернаторларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министрлігіне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданған.

  • 1902-1903 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған: Петициялар.

  • Алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары болған дін өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер: Науан хазірет, Бейіс хазірет, Шəймерден Қосшығұлұлы.

  • 1905 жылдың 22 шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде өткізілген митингіде қабылданған: Қарқаралы петициясы.

    • Мемлекеттік билік органдарына немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жазбаша түрде берілетін жеке немесе ұжымдық талап-тілектер: Петиция.

  • Қарқаралы петициясын жазуға атсалысқан саяси қайраткерлер: Ə. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақбаев, М. Дулатұлы, Т. Нұрекенов.

  • Жергілікті халықтың құқығы мен абыройын аяқасты етпеу, патша əкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру туралы айтылған: Қарқаралы петициясында.

  • 1905 жылдан бастап халықтың мұқтаждығын талқылаған: Ұлт зиялылары.

  • Социалистік идеяларды ұстанып, социал-демократтар немесе эсерлермен ынтымақтастықта болған ұлт зиялылары: С. Сейфуллин, С. Меңдешев, К. Тоғысов.

  • 1905-1907 жылдары өткен: Бірінші орыс революциясы.

    • Петербургтегі 1905 жылдың 9 қаңтарындағы қарусыз жұмысшыларды қырып салған патшаның қанды қырғыны туралы айыптаған: М. Ж. Көпейұлының өлеңі «Қанды жексенбі».

    • «Қанды жексенбі» өлеңі жариялана жаздаған: «Айқап» журналына.

    • Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар, қалаларындағы теміржол шеберханалары мен деполарының жұмысшылары белсене қатысқан: Жалпыресейлік қаңтар-ақпан ереуілдеріне.

  • 1905 жылдың күзіне дейін шерулер мен митингілер өткізілген: Омбы, Ташкент, Верный қалаларында.

    • Патша демократиялық бостандықтарды беруге уəде берді жəне Мемлекеттік Думаны шақыруға рұқсат еткен: 1905 жылдың 17 қазанында манифестінде.

    • Патша манифесті жарияланғаннан кейін бұқара халықтың қатысуымен митингілер өткен: Перовск, Орал, Қарқаралы, Павлодар қалаларында.

  • Дала өлкесіндегі ереуілдерді ұйымдастырушы ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшылары: А. Байтұрсынұлы, Ж. Ақбаев.

  • 1905 жылдың 15 қарашасында митинг болған: Қарқаралыда.

    • Якутияға жер аударылған Қарқаралы митингісін ұйымдастырушы: Ж. Ақбаев.

  • 1905 жылдың желтоқсанында ереуіл болған: Успен мыс кенішінде.

    • Успен мыс кенішінің жұмысшылары құрған: Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы.

    • Жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын жақсартуды талап еткен: Успен кенішінің жұмысшылары.

  • Успен кенішіндегі ереуілдің нəтижесі:

    • Жалақы мөлшері едəуір көбейтілген;

    • 8 сағат жұмыс күні енгізілген;

    • Кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандатылған;

    • Жұмысшыларға су өтпейтін арнайы киімдер, аяқкиімдер берілген;.

  • 1905 жылы желтоқсанда қарулы көтеріліс болған: Мəскеуде.

    • 1905-1906 жылдары патша жарлығы бойынша əскери жағдай енгізілген: Ақмола жəне Семей облыстарында.

    • Жазалау шаралары басталған: Сібірде, Солтүстік Қазақстанда.

  • 1906 жылы шілдеде жаппай ереуіл орын алған: Семейде.

    • Ертіс аймағындағы ереуілдің басты талаптары:

    • Жұмыс күнін 10 сағатпен шектеу;

    • Балалар үшін 8 сағат;

    • Ауырған күнге ақы төлеу;

    • Жалақыны көтеру;

    • Жұмыс мерзімінен тыс күштеп қосымша еңбек еткізуге тыйым салу;

    • Әйелдердің құқығын қорғау;.

  • 1906 жылдың көктемінде ірі толқулар жасаған: Теміржолшылар.

    • Қазалы жəне Орынбор-Ташкент теміржол стансылары деполары жұмысшыларының талабы: 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.

  • 1912 жылдың көктем мен жаз айларында басталған: Жұмысшылар қозғалыстарының жаңа кезеңі.

    • Жұмысшылар ереуілі табысқа жеткен: Доссор жəне Ембі кəсіпшіліктерінде.

  • Болыс билеушісі мен старшынға шабуыл жасап, алым-салық құжаттарын жойып жіберген: Черняев уезі Ноғай-Нұра болысының қазақтары.

  • 1915 жылы наурызда патша үкіметінің ауылшаруашылығы өнімдеріне арзандатып қойған бағалар саясатына қарсы шыққан: Жетісу облысы Верный, Лепсі жəне Пржевальск уездеріндегі тұрғындар.

  • Ұлт зиялылары өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметінің негізгі түрлері:

    • Саяси баспасөзді дамыту;

    • Петициялық қозғалыстарды жетілдіру;

    • Бүкілқазақ сьездерін шақыру;

    • Мұсылман сьездеріне шақыру;

    • Думалық қызметтерге араласу;.

  • Бірігу, қосылу: Консолидация.

  • Мемлекеттті басқаруға қатысуды немесе алдына билікке ие болу міндетін қойған саяси ұйым: Партия.

  • Саяси партияның мақсаты мен міндеттерін белгілеген құжат: Партия бағдарламасы.

  • Буржуазиялық реформалау əдісімен əлеуметтік əділ қоғамға көшу қозғалысы: Социал-демократиялық қозғалыс.

  • Ұйым ішіндегі ұқсас саяси көзқарастарымен біріккен саяси қайраткелер тобы: Фракция