Қазақстан тарихы: ХХ ғасырдың маңызды оқиғалары мен саяси-экономикалық процестері

  • Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 «А» сынып оқушылары (Абылкасымова Ж., Ахмерова Д., Бейсекенова А., Ергалиева М., Жумаканова Д., Кадырова Н., Сарбиева А., Фергатова А.) дайындаған 9-10 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы пәнінен сыртқы жиынтық бағалауға дайындық материалдары.

Ахмет Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтты?

  • Оқиға сипаты: 19151915 жылдың соңында халық арасында наразылық жаппай сипат алды. Көптеген болыстар салық төлеуден бас тартты. 19161916 жылы қазақтарды соғысқа қатыстыру мәселесі туындады.

  • Отарлық саясаттың күшеюі: Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорына» (Переселенческий фонд) жер жинау үшін арнайы басқармалар құрды. Қазақтардың жайылымдары, суаттары және қыстаулары тартып алынды.

  • Жер мәселесіне қатысты статистика:     - 189319051893-1905 жылдары қазақтардан 4млн4\,млн десятина жер алынды.     - 190619121906-1912 жылдары бұл көрсеткіш 17млн17\,млн десятинаға жетті.     - 19161916 жылы — 40млн40\,млн десятина.     - 19171917 жылы — 45млн45\,млн десятина.     - Негізгі жерлер Семей, Ақмола, Орал және Торғай облыстарынан (жалпы 40.5млн40.5\,млн десятина), Жетісудан (4млн4\,млн) және Сырдариядан (500мың500\,мың) алынды.

  • Столыпиннің аграрлық реформасы:     - П. Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аударуға күшті серпін берді.     - 189519051895-1905 жылдары Дала өлкесіне 294296294296 адам қоныстанса, 190619101906-1910 жылдары бұл көрсеткіш 770мың770\,мың адамға жетті.     - 18971897 жылы орыстардың үлесі 20%20\% болса, 19171917 жылғы 11 қаңтарда 42%42\% болды.

  • Экономикалық өзгерістер:     - Артықшылығы: Тау-кен өнеркәсібі дамыды. 19021902 жылы өндіріс орындарының саны 88878887, жұмысшылар саны 2539325393 болды. Ірі нысандар: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер комбинаты. Темір жолдар салынды: Сібір (178км178\,км), Орал-Рязань (194км194\,км), Орынбор-Ташкент (1656км1656\,км).     - Кемшілігі: Арнайы соғыс салығы енгізілді. Жетісуда салық 33 сомнан 88 сомға дейін өсті. Ұн бағасы 9494 тиыннан 4040 сомға дейін қымбаттады. Жұмыс күні 141614-16 сағатқа созылды.

  • Түркістаннан әкетілген ресурстар (соғыс кезінде): 70мың70\,мың жылқы, 12.7мың12.7\,мың түйе, 13мың13\,мың киіз үй. Соғыстың алғашқы 33 жылында 474мың474\,мың пұт балық, 299мың299\,мың пұт сабын, 441441 киіз әкетілді.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?

  • Басталуы: Көтеріліс 19161916 жылғы 1919 шілдеде (11 тамыз) басталды. Негізгі ошақтары: Жетісу және Торғай.

  • Басшылары: Аманкелді Иманов және Әліби Жанкелдин. А. Иманов көтерілісшілерді ондық, елулік, жүздік және мыңдықтарға бөлді. Ол «бас сардар» болды.

  • Себептері: Отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және Патшаның 19161916 жылғы 2525 маусымдағы 1919-дан 4343 жасқа дейінгі ер-азаматтарды тыл жұмысына алу туралы жарлығы.

  • Салдары: Ауыл шаруашылығының тоқырауы, мал санының күрт азаюы. Түркістан өлкесінен 300мың300\,мың пұт ет әкетілді. Ішкі Ордада жылқы саны 19151915 жылғы 310.3мыңнан310.3\,мыңнан 19161916 жылы 160.2мыңға160.2\,мыңға (48.5%48.5\%) азайды. Темір кенін өндіру соғыс жылдарында 19141914 жылғы 246246 пұттан 19161916 жылы 15511551 пұтқа (6.36.3 есе) өсті.

  • Ерекшелігі: Көтеріліске қазақтармен бірге қырғыз, ұйғыр, өзбек халықтары да қатысты.

Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы және Алаш партиясы

  • Ақпан төңкерісі: Романовтар әулеті мен монархия жойылды. Қос өкімет орнады: Уақытша өкімет және Кеңестер. Уақытша өкіметтің комиссарлары етіп Әлихан Бөкейханов (Торғай), Мұхамеджан Тынышпаев (Жетісу), Мұстафа Шоқай (Түркістан) тағайындалды.

  • Саяси партиялар: «Алаш», «Үш жүз», «Шура-и-Ислами», «Эсер». Олардың негізгі мақсаты — қазақ халқын отарлық езгіден құтқару.

  • Алаш партиясы: 19171917 жылы құрылды. Бағдарламасы 1010 пункттен тұрады (жер, салық, дін, білім, т.б.). Жоба авторлары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов. Мақсаты — Ресей құрамындағы демократиялық федеративтік республика және қазақ автономиясын құру.

  • Қазан төңкерісі (1917 ж. 24 қазан): «Барлық билік Кеңестерге!» ұранымен өтті. Ұрандары: жер шаруаларға, 88 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі.

  • Автономиялар:     - Түркістан (Қоқан) автономиясы (1917 ж. қараша): Орталығы — Қоқан, басшылары М. Тынышпаев пен М. Шоқай. Тек 6464 күн өмір сүрді, Қызыл гвардия тарапынан қанды қырғынмен жойылды.     - Алаш Орда (1917 ж. желтоқсан): Орталығы — Семей, төрағасы — Ә. Бөкейханов. 19201920 жылға дейін әрекет етті.

Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР)

  • Құрылуы: 19201920 жылы 2626 тамызда декрет шықты. Орталығы — Орынбор қаласы. Төрағалары: С. Меңдешев (ОАК) және В. Радус-Зенькович (ХКК).

  • Аумақтық маңызы: Қазақ жерлері біріктірілді (жалпы аумағы — 2.7млн2.7\,млн шаршы шақырым). Маңғыстау, Бөкей Ордасы, Павлодар, Семей, Орал және т.б. уездер кірді. Астанасы 19241924 жылы Қызылордаға, 19291929 жылы Алматыға көшірілді.

  • Жер-су реформасы (1921 ж.): Патша үкіметі тартып алған жерлер қайтарылды. Оңтүстікте «Қосшы» одағы құрылды (О. Жандосов, А. Розыбакиев).

Жаңа Экономикалық Саясат (ЖЭС) (1921-1929)

  • Мақсаты: Ел ауқатын қалпына келтіру. Саудаға, жалдамалы еңбекке және жеке меншікке рұқсат берілді. Азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен алмастырылды.

  • Нәтижесі: Мал және егіс көлемі 66 есеге дейін өсті. 19261926 жылы Қазақстанда 128128 жәрмеңке (Ойыл, Қоянды, Қарқара) жұмыс істеді. Сауда айналымы 2023млн20-23\,млн сомды құрады.

  • Бас тарту себебі: Кеңес үкіметі капитализмнің жандануынан және таптық теңсіздіктен қорықты.

Қазақстандағы индустрияландыру мен ұжымдастыру

  • Индустрияландыру (1926-1941): Негізгі мақсат — шикізат базасын құру. Түрксіб темір жолы (1145км1145\,км) 192719301927-1930 жылдары салынды. Қаныш Сәтбаев Жезқазған мыс кенін ашып, Ғылым академиясының негізін қалады.

  • Статистика: 19401940 жылы Қазақстан КСРО бойынша қорғасынның 87%87\%, мыстың 21%21\% берді. Кәсіпорындар саны 25802580-ге жетті.

  • Ұжымдастыру (Коллективтендіру): Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты. 19281928 жылы шаруашылықтың 2%2\% ұжымшарға кірсе, 19311931 жылы — 65%65\% болды.

  • Ұлы Нәубет (1931-1933): Аштықтан 2.12.2млн2.1 - 2.2\,млн адам (48%48\% қазақтар) қырылды. 1млн1\,млн-нан астам адам босып кетті. Мал саны 40.5млн40.5\,млн-нан 4.5млн4.5\,млн-ға дейін азайды. «Бесеудің хаты» (19321932 ж.) осы қасіретке қарсы жазылды.

Сталиндік режим және репрессия

  • «Халық жаулары»: 193719381937-1938 жылдары репрессия шыңына жетті. А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Жұмабаев, С. Асфендияров атылды. С. Меңдешев, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов қудаланды.

  • Лагерьлер жүйесі:     - КАРЛАГ: Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.     - АЛЖИР: Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.     - СТЕПЛАГ: Далалық лагерь.

  • Статистика: 193119541931-1954 жылдар аралығында КСРО-да 3.7млн3.7\,млн адам сотталды, 643мың643\,мың адам ату жазасына кесілді.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)

  • Мобилизация: Қазақстаннан майданға арналған офицерлерді даярлау орталығы болды (Алматы атқыш-пулеметшілер училищесі, 63336333 түлек).

  • Эвакуация: Украина мен Ресейден 220220 завод пен фабрика (Харьков электротехника, Подольск механика, т.б.) Қазақстанға көшірілді.

  • Майдан ерлері: Бауыржан Момышұлы, И. Панфилов (316316-шы дивизия), Қ. Қайсенов (партизан). Брест қамалын қорғаушылар: Г. Жұматаев, Ш. Шолтыров. Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ақ ту тікті.

  • Шығын: Соғыста 27млн27\,млн КСРО азаматы қаза тапса, оның 410600мыңға410 - 600\,мыңға жуығы қазақстандықтар.

Н. Хрущев реформалары және Тың игеру (1954-1960)

  • Тың игеру: 19541954 жылы басталды. Қазақстанда 25.5млн25.5\,млн гектар жер жыртылды (КСРО бойынша тың жерлердің 5060%50-60\%). Жаңадан 337337 совхоз («Мәскеу», «Ленинград», т.б.) құрылды.

  • Салдары: Астық бойынша Қазақстан одақта 22-орынға шықты. Бірақ экологиялық апат (топырақ эрозиясы), мал жайылымының тарылуы және қазақ мектептері мен тілінің азаюы (этникалық теңсіздік) орын алды.

1965-1985 жылдар: «Тоқырау» кезеңі

  • Билікте: Л. И. Брежнев. А. Косыгин реформалары басталды, бірақ әкімшіл-әміршіл жүйенің салдарынан тежелді.

  • Экономика: Сегізінші бесжылдық (196619701966-1970) «алтын бесжылдық» деп аталды. Өнеркәсіп өнімі 70%70\% өсті. Маңғыстау мұнай аймағына айналды. Екібастұз, Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГЭС-і салынды.

  • Экологиялық мәселелер: Арал теңізінің деңгейі 1414 метрге төмендеп, су көлемі 60%60\% азайды. Семей полигонында 470470 ядролық жарылыс жасалды. Байқоңыр ғарыш айлағы 6717км26717\,км^2 аумақты алып жатты.

  • Тоқырау белгілері: Ұлттық табыстың өсу қарқыны 4.4%4.4\% -дан 1.4%1.4\% -ға дейін төмендеді. Орталықтың өктемдігі күшейді (Қазақстан өнеркәсібінің 50%50\% одақтық министрліктерге бағынды).