14-билет
14-билет
1)Кыпшактардын шыгу тегі мен этникалык тарихы.
Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа,
орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ
атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт
Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті,
тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін
алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ
хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан
империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп
атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы
саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан
кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді.
Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ
рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында
торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын
рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның
барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше
сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып,
одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ,
құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі
бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі
халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан,
түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды XI ғасырдың басында
бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік
қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік
шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды
Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарымқатарының бірі
2)Бөкей ордасының( Ішкі Орда)құрылуы. Жәңгір хан
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық
аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан
ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы,
шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының
Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже
бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі,
ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік
жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде
көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum)
өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де
сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде
бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер
диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде
адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы
өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын
естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей
және шетел зерттеушілері болған.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В.
Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың
жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя)
Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен,
1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған
билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы,
байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке
Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан
— Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы,
есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама,
кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы.
Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның
басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.
Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер
министрлігі іске асырды
3)Тауелсіздік жылдарынданы хальк санактары
жоне онын корытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы өнеркәсіп өнімінің өндірісі
нақты көріністе 24% артты.
Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған
халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық
саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи
отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне
байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең
бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты.
Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе
2,6%-ға артты.Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және
табиғи өсім 3 миллионға жуық болды. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы 8 жылында, 1999 жылы
1000 адамға 14,6 адамға дейін тууы төмендеді, одан кейін оның бірте-бірте артуы байқалды. 2012
жылғы 10 айда туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,1-ді құрды. 1995-1996 жылдары
өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға 10,7 деген ең жоғарғы шегіне жетті. 1997 жылдан бастап
өлім-жітім бірте-бірте төмендеп, ағымдағы жылдың 10 айында өлім-жітімнің жалпы
коэффициенті 1000 адамға 8,6 болып төмендеді.1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір
ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-
ке дейін төмендеді, бұдан кейін оның арту үрдісі байқалды, 2012 жылы ол алдын ала бағалау
бойынша 69,6 жасты құрады, оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас. 1995 жылмен
салыстырғанда өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы көрсеткіші едәуір ұлғайғаны байқалды,
ерлерде – 6,8 жасқа, әйелдерде – 4,9 жасқа, бұл кезде осы көрсеткіштің гендерлік белгісі бойынша
айырмасы 1995 жылдағы 11,4 жастан 2012 жылдағы 9,5 жасқа дейін қысқарды.Кедейлік деңгейі
1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді және 2012 жылғы 3 тоқсанда 4% құрады.Бір қызметкердің
орташа айлық атаулы жалақысы 199 жылдағы 128 теңгеден (24 АҚШ доллары) 2012 жылғы
қаңтар-қазандағы 99118 теңгеге дейін (666 АҚШ доллары) өсті.Еліміздің 15 жас және одан үлкен
экономикалық белсенді халықтың саны 1,1 млн. адамға артып, 2012 жылғы қарашада бағалау
бойынша 8,9 млн. адамды құрды.Жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендеді және 2012 жылғы
қарашада бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,3%-ды құрды. 2012
жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ болжамалы бағалау бойынша нақты көріністе 5% артты. 2012
жылғы ЖІӨ деңгейі нақты көріністе 1991 жылғы ЖІӨ деңгейінен 2 есе дерлік артық, немесе 95%.
Болжамалы бағалау бойынша 2012 жылғы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 мың АҚШ
долларынан асып түседі.Тәуелсіздік жылдарындағы инвестициялық қызметте оң серпін
байқалады. ҚР Ұлттық Банкі деректері бойынша тікелей шетел инвестицияларының жалпы
ағымы 1993 жылдан бастап 2012 жылғы жартыжылдықтағы кезеңге дейін 159 млрд. АҚШ
долларынан асып түсті. 1991 жылдан бастап 2012 жылғы қаңтар-қарашаға дейін негізгі капиталға
салынған инвестицияларға қаражат салымдары 38,7 трлн. теңгені құрады. Негізгі капиталға
инвестициялардың ағылуы қолайлы инвестициялық климаттың құрылуымен байланысты және
экономикалық өсімнің негізі болып табылады.Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік
бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті.
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік
ұлғайды.Жалпы құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады, ол
2011 жылы 2 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы
1991 жылғы деңгейге қарағанда 17,5% жоғары, ал 2012 жылдың соңғы 11 айында ол нақты
көріністе тағы 2,5% артты.Тәуелсіздік жылдарында республикада (2012 жылғы 11 айдың
есебімен) 82,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 40,5 млн. шаршы
метрі жеке салушылармен, 801,3 мың пәтер тұрғызылды. 2011 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын
үй пайдалануға берілді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 6,5% артық, оның ішінде халықпен – 3,6
млн. шаршы метр, бұл 1991 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық, 2012 жылғы 11 айда 5,7 млн. шаршы
метр іске қосылды, халықпен – 3 млн. шаршы метрге жуық.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан
Республикасындағы жыл сайынғы өнеркәсіп өнімінің өндірісі нақты көріністе 24%
артты.Отандық машина шығаруда өндіріс 2,2 есе артты, мысалы, 2012 жылғы қаңтар-қарашада 58
дизелді локомотив, 16280 жеңіл автомобиль және 521 астық жинайтын комбайн
шығарылды.Химия өнеркәсібінде 2012 жылғы қаңтар-қарашада 30,3 мың тонна пропилен
полимерлері, 147,9 мың тонна азотты және калийлі тыңайтқыштар, 78,9 мың тонна фосфор, 1539
мың тонна күкірт қышқылы, 53,1 мың тонна натрий үшфосфаты, 8,1 тонна фторид сутегі
өндірілді.Қазақстан 20 жылдың ішінде әлемдік экономикаға терең интеграцияланды. Қазіргі
уақытта республика іс жүзінде әлемнің барлық елдерімен сауда-саттық жүргізеді, барлық
континенттердегі 212 мемлекет және аумақтар Қазақстанның сауда серіктесі болып табылады.
Сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1995 жылғы 9,1 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылы
125,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2012 жылғы қаңтар-қазандағы сыртқы сауда тауар
айналымы 113,6 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылғы сәйкес кезеңнен 11,6% артық.